ҚР Президенті мұрағатында жүзге жетпейтін құпия құжат қалды - Мұрағат директоры

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мұрағатының директоры Борис Жапаров айтты.

"Біздің қазіргі өмір сүріп отырған заманымыздың басты ерекшелігі - қоғамымыздың ашықтығында. Сондықтан қазір мұрағаттар да ашық болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, соңғы жылдары еліміздің тарихына қатысты 1937-1991 жылдарды қамтитын 13 мыңнан астам құжат ашылды. Сонымен қатар оған дейінгі кезең, яғни 1918-1936 жылдарға қатысты 26 мың іс-құжат та толығымен құпиялылығын жойды", - деп атап өтті Б.Жапаров.


Оның айтуынша, қазіргі уақытта құпия болып қалған құжаттар 100-ге жетпейді. Олардың көпшілікке жария болуы мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан келтіретін көрінеді.