"Мен Еуразиялық энергетикалық корпорацияға алғысымды білдіргім келеді. Мен құрылысшыларды және осы нысанды тұрғызуға қатысқан шетелдік компания өкілдерін құттықтағым келеді", - деді мемлекет басшысы .
Қазақстан дамуына үлкен үлес қосып, мемлекет алдындағы еңбегі үшін "Қазақстанның электролиз зауытының" президенті Алмас Ибрагимов "Отан" орденімен награтталып, бес адам "Құрмет" орденіне ие болды. Сонымен бірге, 6 адам "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
"Мен үнемі қолымда глиноземнен бұрын, таза алюминийді ұстасам ба деген арманым болды. Менің қанатты арманым, сіздердікі де. Ол орындалды. Сіздерге жақсылық тілеймін, осы сәтті пайдалана отырып, сіздерді Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын" деді марапаттау салтанатында ел басшысы.
Өз кезегінде "Қазақстан электролиз зауытының" президенті А. Ибрагимов, "Біздерге осындай ұлы құрылыстың сеніп тапсырылғанын мен мақтан тұтамын, біздер болжамданған жұмыстан артық іс атқардық. Бұл Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарындағы тұңғыш металлургиялық алып",- деді.
Кәсіпорын ұжымы мемлекет басшысына бірінші қазақстан алюминийінің символдық құймасын табыс етті.
Электролиздік зауыт 27 айдың ішінде салынып, оның құрылысына 12 елдің 18 компаниясы қатысты.
Бірінші кезекті қосудың салтанатты рәсіміне 3 мың адам қатысты. Олардың қатарында шетелдік мамандар, Қазақстанның мемлекеттік компания басшылары, БАҚ шетелдік өкілдері де болды.