"Үкіметке мұражай-қорықтардың негізгі даму жолдарын анықтайтын бас жоспарды дайындауды тапсырамын", - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте ол әрбір қорық-мұражайдың дербес сипаттамаларын жасау қажеттігін атап көрсетті.
Президент оларды қаржыландыруға байланысты мәселелерді де шешу қажеттігін айтты.
"Мұражайлар жергілікті өңірлік мұражайлар секілді бір тектес немесе қайталанатын болмауы керек. Әрбір мұражай Қазақстан тарихын сатылай көрсете отырып, біздің халқымыз жүріп өткен тар жол тайғақ кешуді паш етуі тиіс", - деп түсіндірді мемлекет басшысы.
Сонымен бірге ол қорық-мұражайлар тек жансыз экспонаттардан ғана тұрмай, көшпенділердің тұрмыс-тіршілігін көрсетуі шарт екендігін атап өтті. Бұл туралы тапсырманы президент жергілікті билік органдарының атына айтты.