"Үкімет тарапынан жүргізілген тексерулер көрсеткеніндей, Астана мен облыс орталықтары айналасындағы жерлерді "пысық адамдар мардымсыз бағамен баяғыда сатып алыпты". Олардың арасында мемлекеттің қызметті атқарып жүрген шенеуніктер аз емес екен, олардың бәрін тексеру керек, -деді президент. Немесе олар өз еріктерімен жерлерді мемлекетке тапсыруға тиіс немесе құқық қорғау органдары олардың қандай жолмен жерлерді иемденіп, оны қанша ақшаға сатып алғандығының анық-қанығын тексеретін болады".
Мемлекет басшысы атап өткеніндей, "ашық емес тәсіл бойынша жерлерді тарату тәжірибесін тоқтату керек". "Барлық жерлер аукцион арқылы жарияланып таратылуы керек, деп есептейді президент.