ҚР Президенті шетелдік инвесторларды «Астана бизнес кампуста» ғылыми орталықтар құруға шақырды

Елді инновациялық дамыту сынды стратегиялық маңызды бағытта бірлесіп зор жетістіктерге қол жеткізуге болатынын баса айтқан Елбасы: «Біздің инвесторларды біздің жоспарларды жүзеге асыруға белсенді қосылуға шақырамыз. Мен сіздерді корпоративтік ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық бюролар құруға және  оларды Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус» ғылыми паркі аумағында орналастыруға шақырамын. Мен қазірдің өзінде Университетпен «Бейджин», «Тоталь», «Шеврон» сынды компанияларының ынтымақтастық орнатқанын білемін», - деді.

Мемлекет басшысы таяуда ғана «Самсунг», «Хьюлетт-Паккард», «Майкрософт», «Филипс» сынды компаниялар университеттің серіктесіне айналғанын атап өтті. Сонымен бірге «Дженерал электрик»  компаниясының да өзінің ғылыми-зерттеу орталығын осы білім ордасында құруға дайын екендігін білдіргендігін жеткізді. Осы орайда Н.Назарбаев бұл компанияларға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін мәлім етті.