ҚР Президенті ТМД-ға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларымен кездесуде

Кездесуге ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Армения Премьер-Министрі О.Абраамян, Беларусь Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі Т.Сариев, Молдавия Премьер-Министрі К.Габурич,  Ресей Үкіметінің төрағасы Д.Медведев қатысуда.  Сонымен қатар кездесуге  қатысушылар қатарында Әзербайжан үкімет басшысының бірінші орынбасары Я.Эюбов, Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары С.Сатлыков, Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары А.Икрамов, Украинаның Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Ю.Лазебник, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы С.Лебедев те  бар.