ҚР Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің ІІІ саммитіне қатысуда

Саммит жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Абдулла Гүл және Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев қатысуда.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің үшінші саммитінің негізгі тақырыбы көлік және кедендік ресімдеулерді жеңілдету салаларындағы ынтымақтастық мәселелері болмақ.

Іс-шара барысында сондай-ақ ұйымға мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына қатысты мәселелер қаралатын болады. Сонымен қатар отырыс барысында Қырғызстан Кеңеске төрағалығын әзербайжандық тарапқа тапсырады деп күтілуде.