ҚР президенті үкіметке, министрліктер мен әкімшіліктерге интернет-конференцияны үнемі жүргізіп тұруды тапсырды

"Мен үкіметке, министрліктер мен әкімшіліктерге интернет-конференцияны үнемі жүргізіп тұруды және менен үлгі алуды тапсырамын",- деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Мемлекет өмірдің барлық салаларында инновациялық технологияларды дамыту мен ақпараттық қоғамды қалыптастыру үшін барлық күш-жігерін салады. Осындай іс-шараларды жиі жүргізіп тұру қажет деп ойлаймын. Олар мемлекеттік органдарды халықпен шынайы байланыстырады",- деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар президент он-лайн режимде барлық сауалдарға жауап беру мүмкін болмағандығын атап өтті. "Бірақ бір де бір сұрақ назардан тыс қалмайды. 30 күн ішінде олардың барлығына жауап дайындалады, оларды тұтынушылар электронды үкімет пен менің ресми сайтымда таныса алады",- деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті