ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сапар аясында өңірдегі бірнеше нысанға барып, жұртшылық өкілдерімен кездесу жоспарланған. Мемлекет басшысы отандық химия өнеркәсібінің ту ұстары - «Қазфосфат» ЖШС өндіріс орындарына барады. Сондай-ақ өз өмірінің құнымен адамдарды террористен құтқарған полицей, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездеседі. Бұдан бөлек Президент «Ежелгі Тараз» тарихи-археологиялық кешенінің жұмысымен танысады. «Арай-плаза» бизнес орталығында Жамбыл өңірінің жұртшылығымен кездесу өтетіні көзделген.