ҚР президентіне ядролық қарумен күреске қосқан айрықша үлесі үшін Жапонияның жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

"Орден ядролық қарусыздану ісіне қосқан ерекше үлесі, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, толеранттық пен ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі жаһандық бастамалары үшін берілді", - деп толықтырды баспасөз хатшысы.

Өз кезегінде Н. Назарбаев император Акихитоға Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік наградасы "Алтын қыран" орденін табыстады", - деп хабарлады Е. Байжанов. "Бұл награда екі халық арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан үлесі үшін тағайындалды", - деді ол.