ҚР президентінің кеңесшісі Балғымбаев Маңғыстау облысының инфрақұрылымдық жобаларымен танысты

Жұмыс сапары кезінде ол Ақтау әуе жайында құрылысы басталған жолаушылар терминалының жобасымен танысты. Одан кейін ол Түпқараған ауданына барып Каспий теңізінде қазақ қайраңын игерудің мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған "Теңіз-Сервис"ЖШС теңіз мұнай операцияларын қолдау базасына барып қайтты.

Бұдан бұрын хабарланғанындай,"Теңіз-Сервис" ЖШС 2003 жылы тіркеліп, 2004 жылдың 2 ақпанында қызметін бастады. Компанияның негізгі мақсаты Баутино мен Құрық ауылдары жағалауының инфрақұрылымын, нысандар жобасын дайындап құрылысын тұғызу. Компания теңіз операциялары базасын қолдау мақсатында құрылды.

Каспийде теңіз операцияларын қолдау базасы құрылысының бірінші кезеңі Маңғыстау облысының Түрқараған ауданының Баутино ауылында 2003 жылдың 26 қарашасында пайдаланылуға тапсырылды.

"ҚазМұнайГаз"АҚ, Agip KCO және"НМСК "КазТеңізМорТрансФлот" АҚ (КМТФ) арасында үш жақты сервистік келісім шартының жасалғандығы нысан құрылысының аяқталуына септігін тигізді.

Келісім шарт бойынша ҚТТФ базаның бірінші кезеңінің құрылысын тездету жөнінде міндетін өзіне жүктеді. Жоба бойынша кіретін жол тораптары, тас түрлерін сақтайтын алаң, айлақ және басқа да қосымша ғимараттар салынады.

Айлақтың қызметін пайдаланушылар қатарында бірінші кезекте Қашаған мұнай кен орнының операторы Agip KCO компаниясы мен Каспий теңізі қайраңында жұмыс істейтін басқа да мұнай компаниялары тұр.

Н. Балғымбаев сондай-ақ, "Аджип ККО"теңіз мұнай операцияларын қолдау базасына барды. База барлық теңіз операцияларын қолдау үшін құрылған. Онда теңіз кемелерінің жұмыстары үйлестіріліп, материалдарды жеткізу және сақтау, суға жайылған мұнай қалдықтарын жою жұмыстары жүргізіледі. Базада сондай-ақ, бұрғылау жұмыстарына арналған қоспалар дайындалып, ағынды суларды тазарту қондырғысы, сараптама зертханасы бар. Бұл жерде офистер мен тұрғын кешендері, құбырлар алаңы, қоймалар орналасқан.

Сапар аясында Н. Бағымбаев Ақтаудың халықаралық теңіз сауда портына барып, оның кеңейтілуі қарастырылған жобаны көріп қайтады. Бүгін президент кеңесшісі Ақтаудағы II Каспий инвестициялық форум жұмысына қатысады.