Бүгін халықаралық жарыс қарсаңында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының төрағасы Виктор Миллер осылай атап көрсетті.
Еске сала кетейік, Қазақстан хоккейінің тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырған Президент кубогі жолындағы жарыс ертең, тамыздың 10-да басталады. Ісі спорт бәсекесін «Нұр Отан» ХДП және Қазақстанның Шайбалы хоккей федерациясы қолға алып отыр.
Турнирге Ресей, Беларус, Латвия және Қазақстан командалары қатысады. Хоккей жанкүйерлері Құрлықтық хоккей лигасында зор беделге ие Мәскеу облысының «Атлант», Минск мен Рига қалаларының «Динамо» командаларының және отандық «Барыс» клубтарының өзара кездесулерін тамашалай алады.
Астаналық «Барыс» командасы бірінші кездесуін тамыздың 10-ы күні «Атлантпен» өткізеді.
«Бұқаралық спортты халық арасында насихаттау жұмысы - «Нұр Отан» партиясының басымдықтарының бірі. Біз осындай үлкен спорттық шараларды ұйымдастыру арқылы елдегі халықты спорттқа тартуды көздейміз», дейді Виктор Миллер.
Оның атап көрсеткеніндей, жарыс қарсаңында «Нұр Отан» партиясы хоккейден ҚР Президенті кубогі жолындағы айтулы бәсекені ұйымдастыру идеясын қолдауға бағытталған көптеген шаралар мен акциялар өткізді.