Бұл туралы Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бойынша Еуропалық парламент делегациясының басшысы Ивета Григуле мәлімдеді.
«Қазіргі сәтте түрлі алыпқашпа әңгімелерді болдырмау, елдегі саяси-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін сайлау өткізген орынды шешім деп ойлаймын. Бұл көптеген мәселелер мен алыпқашпа әңгімелерге тосқауыл болып, Қазақстанға экономикалық байланыстар мен экономикалық бағдарламаны барынша жылдам дамытуға мүмкіндік береді», - деп санайды Ивета Григуле.
Саясаткер Еуроодаққа Қазақстандағы тұрақтылықтың сақталғаны, ҚР өзінің бұрынғы бағытында, оның ішінде Еуропамен ынтымақтастыққа бағдарланған ұстанымында қалуы аса маңызды екеніне тоқталды.