ҚР Президентінің Ұлттық банктің мемқызмет стандарттарын бекіту туралы Жарлығының күші жойылды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығының күші жойылды.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №465

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлт­тық Банкінің мемлекеттік қыз­меттер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлық­тары­­ның күші жойылды деп тану ту­ралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қа­зақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 133-құжат).

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жа­рияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 15 қаңтар.