Отырыста "ШевронТексако" корпорациясы басқармалары төрағасының орынбасары Питер Робертсон Каспий аймағындағы көгілдір отын өндіру саласының дамуы туралы баяндама жасайды. Ал BG group корпорациясының атқарушы директоры Френк Чатмен Каспий аймағындағы инфрақұрылымның дамуы туралы , "Тоталь" компаниясының президенті Кристоф де Маржери Каспий мұнайының тасымалдануы туралы баяндама жасайды. Сондай-ақ, мәжілісте Қазақстандағы инвестициялық ахуал сарапқа салынады.
Мәжілістен кейін Еуропалық Қайта құру және даму банкі мен Қазақстан даму банкі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.