ҚР Президенттігіне кандидат болған Т.Сыздықов пен Ә.Құсайынов Н.Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Сіздің жеңісіңіз - барша Қазақстан халқының жеңісі. Көрші елдердегі тұрақсыздық пен Батыстағы дағдарыс секілді қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы өз Елбасының төңірегінде топтаса білді», - деді Т. Сыздықов.

Мемлекет басшысына Қазақстанды өркендетіп, жаңа жетістіктерге бастар жолда тек қана табыс тілеген Тұрғын Сыздықов сайлау науқаны заң талаптарымен қатаң сәйкестікте, жоғары деңгейде жүргізілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат болған Әбілғазы Құсайынов та ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты сайлаудағы жарқын жеңісімен құттықтады.

Н.Ә.Назарбаевқа сәттілік тілей отырып, Ә.Құсайынов жалпы сайлау науқаны Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң нормаларына толық сәйкестікте өткенін атап өтті.


«Сайлауға қатысуда қазақстандықтар жоғары белсенділік танытты. Бұл Қазақстан халқының электоралдық және құқықтық мәдениетінің өскендігін көрсетеді», - деп қорытты Әбілғазы Құсайынов.