ҚР қант және қызылша өндірушілерінің қауымдастығы 3 жылға қантқа ҚҚС-ның нольдік мөлшерлемесін енгізуді ұсынады

«Еліміздің қант саласын тұрақтандыру үшін 3 жыл мерзімге қантқа нольдік пайыздық мөлшерлемемен ҚҚС енгізуді және екінші деңгейлі банктерде қант өндірушілерін несиелеу мөлшерлемесін төмендету керек деп есептейміз», - деп мәлім етті кеңесте ҚР қант және қызылша өндірушілері қауымдастығының вице-президенті Алдияр Жолдыбеков.

Сонымен бірге, қауымдастық мүшелерінің пікірінше, қант қызылшасын өсіретін шаруа қожалықтарына 1 га-ға субсидияларды арттыру тиімді болып, 1 га-ға емес, зауытқа есептік салмақта тапсырыдған қант қызылшасына да субсидия беру мәселесін қарау керек.

«Отандық қант өндірушілер үшін шикізат пен қантты тасымалдауға теміржол тарифтерін төмендету немесе субсидиялау мүмкіндігі де қолдау болады. Елді-мекендерді жылыту, су беру сияқты әлеуметтік саланың бейінді емес нысандары бойынша қайта өңдеушілердің міндетті қызметтерін мемлекетке беру де», - деді А. Жолдыбеков.

Ұзақ мерзімді шараларға келгенде, қауымдастық мүшелерінің пікірінше, Кеден одағы комиссиясының деңгейінде агросекторды реттеудің бірыңғай саясатын талқылап, құру керек. Мысал ретінде, Еуроодақтағы қант өндірісі мен тұтынуды реттеу моделі үлгі бола алады.

Қауымдастықтың мәліметтеріне сәйкес, отандық қант нарығында дағдарысты жағдай қалыптасты. Бұған көрші Ресейдің қант нарығындағы ахуал да әсер етті. РФ-да қызылшадан ақ қант 4,5-5 млн тонна көлемінде өндірілді. Үстіміздегі жылдың алғашқы 6 айында Ресей импортталған қант шикізатынан 2,5 млн тонна ақ қант шығарды. Осылайша, РФ-дағы өндірістің көлемі 7,5 млн тоннаны құрады, ал тұтыну көлемі - 5,5 млн тонна, ал шамадан артық ақ қант өндірісі 2 млн тонна көлемінде болжанып отыр. Мысал ретінде, бұл - Қазақстанның 4 жылдық тұтынуына жететін көлем.

«Сарапшылар қазақстандық қант зауыттарының «толық консервация» режиміне өтуге мәжбүр екенін жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта «тұйық шеңбер» жүйесі қалыптасып, қант зауыттарының қант қызылшасын өсіретін жерлері жоқ, ал шаруа қожалықтарында шикізат өндірісі үшін қажет техника мен қаржы жоқ», - делінген ақпаратта.

А. Жолдыбеков отандық қант нарығы 90%-ға импорттық шикізат – қант таяқшасына тәуелді екенін, оның бағасы Новороссийск айлағында тоннасы үшін $671 құрайтынын айтты. Бұл айлақтан ҚР-дағы өңдеуші зауытқа жеткізу, өңдеу шығындарынсыз, ҚҚС-сыз есептелген баға. Алайда Ресейде дайын ақ қанттың бағасы ҚҚС-пен бірге небәрі $656/тоннаны құрайды.

Өз кезегінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қант өндірісін жақсарту бойынша жасаған ұсыныстарының ішінде зауыттарды квоталауды, шикізатқа маусымдық ауыспалы баж салығын енгізуді, қант қызылшасын сатып алуды субсидиялауды, қант қызылшасынан ақ қант жасайтын шағын зауыттар салуды атады.

«Сондай-ақ, шенеуніктер қантқа ҚҚС-ны алып тастаумен немесе ҚҚС-ның көлдік мөлшерлемесін енгізумен үш жыл мерзімге тұрақтандырушы кезең енгізу маңызды деп есептейді», - делінген ақпаратта.