ҚР Қарулы күштерінің оқу орталықтарында келісім-шарт бойынша әскери борышын өтеушілердің жиыны басталды

Жиын кезінде негізгі әскери-есепті мамандықтар бойынша оқыту шарасы жүзеге асырылады. Отар маңындағы қала үлгісіндегі Гвардейский ауылындағы жаяу әскерлерді оқыту орталығының базасында мотоатқыштар, танк, инженерлік және ракеталық әскерлер, артиллерия, әуеден қорғаныс қызметі мен байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуші мамандар оқытылады. Бұл оқыту орталығында 500-дей әскери оқиды.

Оқу бітіру емтихандары 2004-жылдың 19-25-желтоқсанында өткізіледі. Әрбір әскер дәріс алғаны туралы куәлікке ие болады.
Келісім-шарт бойынша әскери борышын өтеушілерді осындай оқыту шарасы елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.