ҚР Қарулы Күштерінің құрылымын өзгертуге бағытталған шаралар жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік жасады - ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы

ҚР президентінің жарлығына сәйкес штаб бастықтарының комитеті атты жаңа әскери басқару органы құрылды; Әуеден Қорғаныс күштері , Әскери теңіз күштері, Жаяу әскер тәрізді үш түрлі әскери күштердің бас штабы құрылу арқылы ҚР Қарулы күштерінің үш бағытты құрылымы қалыптастырылуда. Басқару деңгейін арттыру мақсатымен әскери округтер аймақтық командованиелерге айналдырылды.

Дербес әскери құрылым ретінде Аэромобильді күштер жасақталып , бас әскери қолбасшының резерві құрылды. Сондай-ақ, ҚР үкіметінің 2003-жылғы 6-тамыздағы қаулысымен республикалық әскери комиссариаттар қорғаныс департаменті, басқармасы және бөлімдері түрінде қайтадан құрылуда.
ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев бүгінгі коллегия жұмысын қорыта келіп, жергілікті жерлердегі ахуалға қатаң сын айтты. Ол ҚР Қарулы күштерінің құрылымын жетілдіруге, оны оңтайландыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыруды, жасақтарды басқаруда жеделдік пен икемділікті қамтамасыз етуді талап етті.