ҚР қаржы министрі республикалық бюджеттен білім беру және денсаулық сақтау нысандарына бөлінген мақсатты трансферттердің игерілу деңгейінің төмен болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды

"Дамуға, атап айтсақ, республикалық бюджеттен білім беру және денсаулық сақтау нысандарына бөлінген мақсатты трансферттер төмен деңгейде игерілу мүмкіндігі бар", - деді Б. Жәмішев.

Оның мәліметінше, 1 шілдедегі жағдаймен республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы билік органдарына мақсатты трансферттер мен несиелер түрінде 208 млрд 365 млн теңге аударылған. "Игеру деңгейі 189 млрд 758 млн теңге немесе 91,1% құрайды", - деді министр.

"Бірінші шілдедегі жағдаймен қаржыны игере алмау 18,6 млрд теңге болды, олар негізінен дамуға бөлінген мақсатты трансферттерге қатысты, ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегімен салыстырғанда игерілмеген қаржы көлемі 8 млрд 140 млн теңгеге ұлғайды", - деді министр.

Оның айтуынша, мақсатты трансферттеді игеру ахуалы бірінші тоқсанмен салыстырғанда әсіресе Астанада ( 6 млрд 112 млн теңгеге), Ақмола облысында (817 млн), Алматыда ( 775 млн), Батыс Қазақстан облысында (567 млн) және Оңтүстік Қазақстан облысында (198 млн теңгеге) нашарлаған.