ҚР қаржы министрлігі 18 млрд. теңгенің құнды қағаздарын шығарады

Үш жылдық МЕОҚАМ бағалы қағаздарының номинал құны 1000 теңге тұрады. Осынау мемлекеттік құнды қағаздар сыйақы ставкасы тұрақты, жарты жылдық купон түрінде шығарылады.

Қаржы министрлігінің бұл жолғы МЕОҚАМ шығарылымы - мемлекеттік облигациялық бағдарлама аясындағы 2005-жыл басынан бергі екінші мемлекеттік құнды қағаздар шығарылымы болмақ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қаңтар айында қаржы министрлігі зейнетақы қорларына арналған, құны 18 млрд. теңгені құрайтын он жылдық МЕУЖҚАМ-ін шығарды. Ал наурыз айында 16 млрд. теңгеге қысқа мерзімді МЕКҚАМ бағалы қағаздарын (он айлық) шығару жоспарланған.