"Облигация құны республикалық бюджетте қаралған қаржы есебінен, яғни қосымша қаржыландырусыз жүзеге асырылды",- делінген қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің жұмада таратқан хабарламасында.
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылдың 3-наурыздағы "Халықаралық капитал нарығына салынатын мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясы туралы" қаулысымен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне халықаралық капитал нарығына салынатын жалпы сомасы 200 - 500 млн АҚШ долларына тең мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, оларды сатудан түскен ақшаны республикалық бюджетке аудару тапсырылған.
Жетекші менеджерлер ретінде "J.P. Morgan", "Deutsche Bank"компаниялары қатысты.
Құны 350 млн АҚШ доллары көлеміндегі мемлекеттік құнды қағаздар 98,347 пайыз дисконтты бағамен 7 жыл мерзіммен 2000 жылдың 11-мамырында шығарылған болатын. Сыйақы мөлшері - 11,125 пайыз, ол жыл сайын 11 мамыр мен 11 қарашада өтелуге тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті