Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтық қазынашылық міндеттемелердің (МЕҰЖҚАМ) 18 млн. теңгеге бағаланған алғашқы шығарылымын биржаға шығару қаңтар айының аяғына межеленген. Ақпан айында тағы да осындай қаржыға Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕОҚАМ) сату көзделіп отыр. Ал наурыз айының аяғында 16 млрд. теңгеге Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕҚҚАМ) саудаға шығарылады.
"Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару Қазақстан қор рыногындағы құралдар санын арттыруға бағытталады. Соның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелер зейнетақы қорлары үшін қызығушылық тудырмақ",- дейді қаржы министрлігіндегілер.