ҚР қаржы министрлігі 2008 жылдың қаңтар-ақпан айларында пайдалы қазбаларды шығаруға салынатын салықты енгізуге байланысты тұсау кесерін өткізуді жоспарлап отыр

"Қазір біз тиісті есеп-қисап жүргізіп жатырмыз, ақпан айының басында біз барлық кен өндірушілердің басын біріктіріп, салықты енгізу мәселесін талқылайтын боламыз(салық заңына пайдалы қазбаларды шығару үшін салық салуды енгізу мәселесі- ПҚШС)", - деді Д. Ерғожин.

Д. Ерғожиннің ақпараты бойынша "егер пайдалы қазбаларды шығаруға салық салу ұсынысы қабылданатын болса, онда мемлекетте, экономикадағы басқа секторлардың салығын азайтуға мүмкіндік туады ".

"Бұл жерде тепе-теңдік заңы орнығады, бір жерде салықты көбейтсек, екінші жақта оның мөлшері азайтылады. Осы тұрғыдан, мемлекеттік салық саясатының нақты басқарылып отырғаны жөнінде айтуға болады", - деді ол.

"Біздік пікірімізше, бұл салықтан түсетін қаржы мөлшері есебінен, экономиканың түрлі салада дамуына мүмкіндік береді", - деп ойын қорытындалады қаржы министрлігінің өкілі.