Атап айтсақ, кеше, KZ-today ақпараттық агенттігінің жаңалықтар таспасында жарық көрген "Әзербайжанның сыртқы мемлекеттік берешегі 1,515 млн. долларды құрайды" деген ақпараттың ішіндегі Қазақстанның жан басына шаққандағы сыртқы қарыздарының мөлшеріне қатысты мәліметтер, ҚР қаржы министрлігі басшыларының пікірінше, қате болып табылады.
"2004-жылғы 1-қазандағы жағдаймен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы қарызы 3,03 млрд. долларға тең, ал мемлекет тарапынан кепілдік берілген сыртқы қарыз көлемі 3,64 млрд. долларды құрайды. Демек, соңғы есеп берілген мерзім бойынша Қазақстан Республикасының жан басына шаққандағы мемлекеттік сыртқы қарызы 201 долларды, ал мемлекет тарапынан кепілдік берілген сыртқы қарыз көлемі 243 долларға тең",- делінген ҚР қаржы министрлігінің хабарламасында.
Ал Әзербайжан қаржы министрі Аваз Алекперовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының жан басына шаққандағы мемлекеттік сыртқы қарызы 1308 долларға тең.