ҚР Қаржы министрлігі еліміздегі барлық жариялы компаниялардың қаржылық есебінің депозитарийін құруда

"ҚР Қаржы министрлігі еліміздегі барлық жариялы компаниялар өз қаржылық есебін тапсыратын депозитарий құруда ", - деді Ж. Айтжанова.

Ол бүгін "Бухгалтерлік есеп туралы" заңға сәйкес, қаржылық ұйымдар, барлық акционерлік қоғамдар, барлық жер қойнауын пайдаланушылар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жариялы ұйымдарға жататынын еске салды. "Бұл компаниялардың бәрі де өздерінің қаржылық есебін депозитарийге тапсыратын болады", - деді ол.

"Өз кезегінде кез-келген интернет тұтынушы әлемнің кез-келген нүктесінен осынау қаржылық есепті алып, зерттеп, салыстыра келе, есеп расында да халықаралық стандартқа сай жасалған ба, осы немесе қандай да компания расында да өзінің шаруашылық операцияларын толығымен жайып салып отыр ма деген тұрғыда тұжырым жасай алады ", - деп түсіндірді депозитарий құрудың қажеттігін Ж. Айтжанова.

"Біздің пікірімізше, бұл жанама түрде сыбайлас жемқорлықпен күреске, ел экономикасының жалпы ашықтығы мен транспаренттілігіне септігін тигізеді және осы ақпарат халықаралық рейтингтік агенттіктерге де қажет", - деді ол.