"Біз табиғи байлықты пайдаланушыларды , жыл бойына алдымен экологтар, сонан соң салықшылар, сосын еңбек жөніндегі инспекторлар тізбектеле келіп тексеретін қазіргі жайтты жойып, тексерудің барлық түрі келісілген тәртіппен өтетіндей құжат әзірлеп жатырмыз",-дейді Д.Ерғожин.
Аталған құжатта, "табиғи байлықты пайдаланушыларды тексеру жылына бір мәрте барлық тексеру органдардың қатысуымен өткізілетіндігі айтылған".
"Бұл табиғи байлықты пайдаланушының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, және бұл тексерулерді олар үкімет тарапынан жасалып жатқан қысым ретінде қабылдамауы мақсатында жасалып отыр. Себебі әр тексеру органы әр ай сайын келіп тексере бастайды",-дейді бөлім бастығы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті