ҚР қаржы министрлігі тарапынан Agip KCO компаниясына салық тексерулері жүріп жатыр

"Бүгінгі күні бүкіл консорциумның еншіліс Agip KCO компаниясының тексерулері аяқталуда ", - деді Д. Ерғожин.

Ол : "тексеру жуырда аяқталып, есеп-қисап қорытындылары жарияланады. Салық құпиясы болғандықтан, нақты ақпаратты айта алмаймын",- деді.

Д. Ерғожин атап өткеніндей, оларға қатысты "айтатын датымыз бар". " Қаржы мөлшерін айта алмаймын, бірақ жыл соңына дейін тексерулер аяқталып, ҚР заңы бойынша, тиісті құжаттар компанияға жіберіледі.

"Жуырда біздің жіберген сұрақтарымызға жауап аламыз деп ойлаймын. Бір апта актіні құрастыруға кетеді, кейін оны компанияға беруге дайын боламыз", - деді қаржы министрлігінің өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті