"Бүгінгі күні бүкіл консорциумның еншіліс Agip KCO компаниясының тексерулері аяқталуда ", - деді Д. Ерғожин.
Ол : "тексеру жуырда аяқталып, есеп-қисап қорытындылары жарияланады. Салық құпиясы болғандықтан, нақты ақпаратты айта алмаймын",- деді.
Д. Ерғожин атап өткеніндей, оларға қатысты "айтатын датымыз бар". " Қаржы мөлшерін айта алмаймын, бірақ жыл соңына дейін тексерулер аяқталып, ҚР заңы бойынша, тиісті құжаттар компанияға жіберіледі.
"Жуырда біздің жіберген сұрақтарымызға жауап аламыз деп ойлаймын. Бір апта актіні құрастыруға кетеді, кейін оны компанияға беруге дайын боламыз", - деді қаржы министрлігінің өкілі.
Журналистердің Қашаған кен орнына қатысты сауалдарға жауап берген Д. Ерғожиннің айтуынша, "30 қарашаға дейін әлі уақыт бар, ұсыныстарды күтіп отырмыз. Маған белгілі болғанындай, әзірге ештеме өзгермеген, бәрі сол қалпында ", - деді ол.
"Бұл жерде мәселе үлесті арттыру, немесе, таза күйінде ақшалай өтемақы алу жайында емес, бұл жерде елдің мүддесін қорғау керек ", - деді вице-министр. "1997 жылы келісілген уағдаластық бойынша, оның бәрі орындалуы шарт, оның қорытындысы бойынша басында келісілген шешімдер іске асырулуы керек", - деп ойын жеткізді Д. Ерғожин.
"Бюджеттің табыс бөлігіне жауап беретін қызметкер болғандықтан, мен үшін ол салық түрінде немесе салықтан басқа түрінде түсе ме, маған бәрібір. Актив түрлерінде ақшаны немесе, қосымша мұнай көлемдерін ұстау тиімділігі жөнінде сауал экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне тиесілі сияқты ", - деп ойын қорытындылады вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті