ҚР қаржы министрлігі "Уральсэнергоны" сатпақшы



Энергетикалық компанияның жарғылық капиталын құрайтын 2 899 961 дана акцияларының қоржыны толық сатылмақшы. Саудаланатын қоржынның бастапқы құны 793 351 380 теңгеге тең.
Тендер шартына сәйкес, аймақтық энергетикалық компанияны сатып алушы оның негізгі жұмыс бағытын сақтап, қуат өндіруші компанияның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етумен бірге "Екібастұз контрактэнерго" ЖШС-нің алдындағы 1996-2002-жылдарда Ресейден алған электр қуаты үшін кредиторлық берешекті реттеуге қатысты міндеттемені өзіне жүктеп алуға тиіс.
"Батыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы "Уральсэнерго"" АҚ негізінен электр қуатын қабылдау, жалғастыру және таратумен шұғылданады. Компанияның балансында 23 мың шақырымдай электр жалғастыру желілері бар. Қызмет көрсететін жалпы аумағы 150 мың шақырымды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті