Құжатта құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдары, банктер мен өзге ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғалу бөлігінде қылмыстық жауаптылыққа дейін қылмыстық заңнама нормаларын нақтылау және қатаңдату көзделген.
«Екіншіден, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалану мүмкіндігін болдырмау, үшінші - салық заңнамасына мүлікке жария етуді өткізу үдерісінде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуші туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды ұсынуға тыйым салу туралы нормаларды қосу қамтылған»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, төртіншіден, банктік заңнамаға жария етілген ақша туралы ақпаратты тек Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының санкциясымен ғана құқық қорғау органдарына беру туралы нормаларын қосу, сондай-ақ бесінші - жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салу туралы норманы қолданысқа енгізу қарастырылған.