ҚР Қаржы министрлігінде "Самұрық" холдингінің акцияларын қор биржасына шығару жоспары талқыланады

"Сондай-ақ, үкіметтің 2007 жылдың 11 желтоқсанындағы "Самұрық" холдингінің құрамына кіретін компаниялардың акцияларын қор биржасына шығару жөніндегі қаулысына өзгерістер енгізу жөніндегі қаулының жобасы 2008 жылдың 16 шілдесінде мүдделі мемлекеттік мекемелердің келісімін алуға жолданды", -деді Э. Өтепов.

"Қазір листингтік процедудан өтіп жатқан мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдардың тізімі нақтылануда, осы компаниялармен жұмыстар жүргізілуде. Мамырдың басында екі компания жұмыстарын аяқтайды және оларды саудаға шығаруға болады. Қалғандары дайындалып жатыр", -деді ол.