"Наразылық білдіріліп, ақша өндіріп алынған компаниялар өте көп. Қолданыстағы 440 келісім-шартынан қазір заң бұзушылардың тізімін нақты анықтайтын болсақ, олар - жүзден астам компания ", - деді Д. Ерғожин.
Ол осы орайда кейбір елдерде жер қойнауын пайдаланушы салық төлеуші ретінде қандайбір преференцияны әділетсіз пайдаланып, шарт талаптарын орындамаған жағдайда осы преференциялардан айыру жөніндегі заңнамалық нормалар бар екенін атап өтті.
"Қазақстанда осындай механизмді енгізу үшін қандай жағдайда да заңнамаға өзгеріс енгізу қажет", - деді Д. Ерғожин.
Қазір жаңа Салық кодексінің жобасына осындай норма енгізілген жоқ. "Бірақ қазір біз оны талқылап жатырмыз",- деді қаржы вице-министрі.