ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті республикалық бюджетке аударылған кедендік түсімдердің көлемі ұлғайғанын мәлімдеуде

"Ағымдағы жылдың 10 айында кедендік органдар республикалық бюджетке 736,6 млрд теңге түсім құйды, өсім өткен жылғымен салыстырғанда 24% құрады. Ал салыстырар болсақ, өткен жылы бюджетке аударылған жалпы кедендік төлемдер мен салықтар 636,4 млрд теңге болған", -деді Е. Таниев.