ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті 1 қазанға дейін мүлік және жер салықтарын төлеу қажеттігі жөнінде еске салады

"Мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімі салық салу нысанының тіркелген орны бойынша салық мерзімінің 1 қазанына дейінгі уақыт", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, салықты екінші деңгейлі банктердің немесе "Қазпошта" ААҚ барлық бөлімшелерінде төлеуге болады. "Қазпошта" ААҚ бөлімшелерінде төленген салықтан комиссия алынбайды. Сондай-ақ, салықты банкоматтар мен Интернет (Homebank) арқылы да төлеуге болады.