ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігі несие бюросына коммерциялық банктердің міндетті түрде ақпарат жеткізуін қадағаламақ

"Несиелерді тарату кезінде ресми кірістер /заемщиктердің- Kazakhstan Today түсініктемесі / беріліп жатқан несиелермен салыстырмалы болуын назарға алу керек- бұл бір. Екінші- бұл несиегердің берген несиесі бар ма екендігін ескерген жөн.Оны Бірінші несие бюросы жүйесі анықтайды,-" деді Е.Бахмутова. "Біз ақпараттың Несие бюросына түсуін қадағалаймыз",-деді ол.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қаржылық бақылау агенттігінің басшысы Арман Дунаев коммерциялық банктердің қамтамасыз етілмеген несиелерді таратуында пруденциялық реттеу ережелері күшейтілетінін айтты. " Шұғыл несиелерге келсек - шынын айту керек біз агенттікте жаңадан қарастырып жатырмыз. Барлық тұтыну несиелеріне, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген несиелерге қажет біздегі резерв көлемі бүгінгі таңда 5 %. Меніңше бұл көлем осындай несиелерге қатысты дефолт бола қалған кезде нақты жағдайды толығымен ашып көрсете алмайды. Ал қамтамасыз етілмеген несилерге қатысты менің жеке пікірім - резерв көлемі кем дегенде 50 % болуы жөн. Енді біз нарықпен осы мәселе төңірегінде жұмыс жасаймыз",-деді ол.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Бірінші несиелік бюро 2004 жылы тамызда құрылған. Оның құрылтайшысы Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы болған. Бюроның басты қызметі - несие алушылардың несиелік жағдайын құрастыру мен кредиторларға жоғары кәсіби деңгейдегі есепті ұсыну болып табылады. Қазақстанда қаржы нарығында осы инфрақұрылымды қаржы институтының заңды негізі ҚР "Несиелік бюро мен несиелік оқиғалар жасау" туралы заңында қарастырылған.

ЖШС құрылтайшысы - Қазақстанның жеті банкі болып табылады. Олар "Альянс Банк", "АТФбанк", "ТұранАлем", "ЦентрКредит", Казкоммерцбанк, Қазақстанның Халық банкі" мен "Цеснабанк".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті