ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі Наурыз банкті мәжбүрлі тарату жөніндегі сот процессін жеделдетуге өтініш берді

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 2 маусымдағы № 172 қаулысымен төлем және аударма операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде орындамағаны, уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және міндетті түрде сақталуы тиіс басқа нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғаны, уәкілетті органға көпе-көрінеу күмәнды есеп бергені, нормативтік құқықтық актілерді жүйелі түрде бұзғаны үшін, сондай-ақ Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 9 қарашадағы қаулысына сәйкес енгізілген консервация қаржылық жағдайдың жолға қойылуы мен жұмыс сапасының жақсаруына әсер етпегенін ескере отырып, Банктен ұлттық және шетел валютасында банк заңдарында көзделген операцияларды жүргізуге берілген лицензия қайтарып алынды. Агенттік ұлттық және шетел валютасында банк заңдарында көзделген операцияларды жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алуға байланысты "Қазақстан Наурыз Банкі" АҚ-ын тарату жөнінде іс қозғау туралы өтінішпен 2005 жылғы 13 маусымда Алматы қаласындағы Арнайы ауданаралық экономикалық сотқа өтініш жасады. Алғашқы мәжіліс 2005 жылғы 22 маусымға белгіленді.
Алайда, агенттіктің түсініктемесіне сәйкес, "Қазақстан Наурыз Холдингі" ЖШС Астана қалалық сотына банктің лицензиясын қайтарып алу туралы қаулыға қарсы шағымдануға байланысты Алматы қаласындағы Арнайы ауданаралық экономикалық соты агенттіктің өтінішін әлі күнге қарай алмай отыр. Соған қарамастан, аталмыш кәсіпорын өкілдерінің сотқа келмеуіне және агентіктің қаулысына қарсы екінші мәрте шағымдануға байланысты Наурыз Холдингтің өтінішін қарау кейінге шегеріліп келеді.
"Наурыз Холдинг Қазақстан" ЖШС-нің өтінішін қарау процесін жеделдету мақсатында, Агенттік Астана қаласындағы соттың атына 2005 жылғы 9 қыркүйекте өтініш жіберді",- делінген агенттіктің хабарламасында.
Астанадағы сот мәжілісі 20-қыркүйекке белгіленген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ жеке тұлғалардың салымдарын кепілді сақтандыру жүйесіне қатысушы банк.
Ұлттық банк басқармаларының 2003-жылғы 4-шілде күнгі № 200 қаулысы бойынша бекітілген жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру ережесіне сәйкес, қор салымшыға салымның кепілдендірілген көлемінде өтемақысын өсімсіз қайтарады. Бірақ бұл көлем 400 мың теңгелік эквиваленттен артпауға тиіс.
Алайда салымдарды қайтару іс-шаралары банкті мәжбүрлі таратутуралы сот шешімінен кейін ғана қолға алынуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті