ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі Наурыз банктің лицензиясын қайтарып алды

Агенттіктің түсініктемесіне сәйкес, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі басқармаларының қаулысы бойынша 2004-жылдың 9-қарашасынан бастап енгізілген "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ-ын консервациялау тәртібі банктің қаржылық ахуалын сауықтыруға және жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізген жоқ. Банкке инвестор табылмады.