ҚР Қауіпсіздік кеңесінің 22 қаңтарда өтетін отырысында төтенше жағдайларға қатысты мәселелер қаралады - премьер

"Таяу уақыттарда мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді, онда төтенше жағдайларға қатысты мәселелер қаралады", - деді Кәрім Мәсімов. "Бұл бірнеше күннен кейін, 22 қаңтарға межеленген", -деді ол.

"Бүгінгі алқа мәжілісін ескере отырып, сіздерден қазіргі таңда алда тұрған мақсаттардың шешілуіне қатысты мемлекет басшысының алдында есеп беруге дайындала беруді сұраймын", - деді премьер-министр төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкоға қаратып айтқан сөзінде.