ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, мәжіліс кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы Амангелді Шабдарбаевтың төрағалығымен өтті. Отырыста бас прокурордың орынбасары Асқат Даулыбаев және ҚР ТЖМ мемлекеттік материалдық резервтер Комитетінің төрағасы Қабидолла Сәрекенов баяндама жасады.
Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, "қазіргі замандағы жаңашылдықты ескере отырып мемлекеттік материалдық резервті дамыту проблемалары талқыланды, аталған мәселелер бойынша жұмыстарды жетілдірудің нақты шаралары жасалды, тиісті заңдарға өзгертулер енгізу жолдары да қарастырылды".
Мәжілісті комиссия төрағасы А.Шабдарбаев қорытындылады. Атап айтқанда, ол аталған басым бағыттар барлық мемлекеттік органдар мен банк жүйесі тарапынан жіті бақылауды талап ететінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті