Кездесу барысында халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері, Қазақстанның АҚШ Орталық қолбасшылығымен қорғаныс саласындағы ынтымқтастығының, Қарулы Күштерді трансформациялау мен жаңғыртудың жай-күйі және перспективалары талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвей қатысты. Сәрсенбі күні генерал Д.Абизаидтің ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің Іле оқу орталығында болып, "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" аясындағы Жоспарлау және шолу процесі бағдарламасының маңызды бөлшегі болып табылатын "Қазбат" қазақстандық бітімгершіл батальонымен танысты.
Сондай-ақ, Иракта бітімгершілік миссиясын абыроймен орындаған қазақстандық әскери қызметшілермен кездесу болды. АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы "Қазбат" бітімгершілік батальоны жеке құрамының дайындық деңгейіне, соның ішінде тілдік даярлығына жоғары баға берді. "Қазбат" базасында бітімгершілік операцияларға арналған саперлерді даярлаудың аймақтық Орталығын құру жоспары ерекше қызығушылық тудырды.