Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлері кеңесінің жоспарына сәйкес, 2006-жылдың 24-29-тамызы аралығында Маңғыстау облысының аумағында бірлескен кешенді жедел-тактикалық "Рубеж-2006" оқу-жаттығулары өткізілмек. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Республикаларының бөлімшелері мен басқа да мемлекеттердің бақылаушылары қатысады.
Оқу-жаттығулардың тақырыбы - ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарынң теңіз жағалауы бағытындағы бірлескен операцияларын жүргізу және оған дайындалу.