Мемлекет басшысының үкімімен Алтынбаев Мүслім Мұхтарұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алтынбаев Мүсілім 1966 жылы 19 қаңтарда Қарағандыда дүниеге келген.
1983 жылы орта мектептен кейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, Ставрополь жоғары авиациялық ұшқыштар және штурмандар училищесін, ҚР ҰҚК институтының курсын, РФ ҚМ Әскери- дипломатиялық академиясын, АҚШ Қорғаныс лингвистикалык институтының ағылшын тілі курсын бітірген.
· Әуе қорғанысы әскери авиациялық атқыштар полкі бөлімінің жауынгерлік басқару офицері. Бағыттау пунктінің штурманы, әуе қорғанысы корпусының командалық пунктінің жауынгерлік басқару тобының басшылығының аға штурманы (1987-1996);
· Академияның тыңдаушысы (1996-1998);
· Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әскери атташесінің көмекшісі (1998-2006);
· Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары (2006-2007);
· Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бас әскери инспекциясының бастығы (2007-2009);
· Штаб бастығы- командирдің бірінші орынбасары - (2009-03.2010);
· Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (11.03.2010-07.2013);
· Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары (07.2013-11.2016); ·
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің бастығы (11.2016-10.2017);
- 2017 жылдан бастап ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарады.