"Заңға сәйкес, біз үстіміздегі жылы жеті әскери гарнизонда қызмет баспанасының құрылысын бастауды көздеп отырмыз, бір жарым екі жылда оны аяқтаймыз",-деді Д.Ахметов.
Қорғаныс министрі өзі басқаратын министрліктің "әң әуелі келісім шарт бойынша әскери қызметте жүргендерге , барлық жауынгерлерге, және олардың отбасыларына әлеуметтік жағдай жасауға , атап айтқанда сапалы демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа әлеуметтік стандарттар" дайындап жатқанын хабарлады.
"Қазіргі кезде әскери қызметке қызығушылықты арттыратын кешендік шаралар қарастырылуда, ол келісім шарт бойынша қызмет етіп жатқандардың табыс деңгейін, әлеуметтік пакетті кезеңмен көбейту жоспарланған",-деді Д.Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті