Жаңалықтың мақсаты - кіші қолбасшылық құрамның біліктілік деңгейін арттыру, сол арқылы еліміздің Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру болып табылады. Министрлік сондай-ақ сержанттардың әлеуметтік мәртебесін көтеруді де көздеп отыр. Осы мақсатпен М.Алтынбаев сержанттардың жалақысын қосуға тапсырма берді.
Бұған қоса министрліктің басшылығына сержанттардың әскери борышын өтеу перспективасына қатысты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. М.Алтынбаев сержанттарды бос жұмыс орындарына тағайындауға іріктеу үшін тестілеу, жинау және байқаулар өткізудің біртұтас әдістемесін жасауды тапсырды.