"Шараға барлық әскери құрылымдарда қызмет ететін әйелдер, соның ішінде мотоатқыштар, десантшылар, снайперлер мен әскери басқару офицерлері қатысты", -деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Даниял Ахметов әскери әйелдерге гүл шоқтары мен ескерткіш сый-сияпаттар ұсынды. Бұл күні сондай-ақ, кезекті әскери атақтар тағайындалды", -делінген құжатта.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні ҚР Қарулы күштерінде 8 мың әйел, соның ішінде 82 аға және 300 кіші офицерлер қызмет етеді.
"Олардың бәрі де жоғары білім игерген. 34 адам әскери училище мен кіші офицерлер курсын тәмамдаған, Қазақстандық әйел-әскерилердің 30%-ы бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін паш ететін қызмететрде еңбек етеді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.