ҚР Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісінде бір әскери бөлімшеде болған қару-жарақ ұрлау дерегі қаралады - Ахметов

"Бүгінгі алқа мәжілісінде біз бірқатар көкейкесті мәселені талқылағалы отырмыз. Олардың бірі - №89427 әскери бөлімшеде қару-жарақтың қолды болуына алып келуге байланысты еліміздің аэроұтқыр әскерлердің әскери бөлімдерінде қару-жарақ пен оқ-дәрінің сақталуын қамтамасыз ету жағдайлары, ахуалы, оны ұйымдастыру жайы", - деді Д. Ахметов.

Ал ҚР Қорғаныс министрлігінің штаб бастықтары комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлан Жоламанов журналистерге берген сұхбатында "көршілес Өзбекстандағы секілді оқиғаға жол бермеу үшін" қорғаныс мекемесі бірінші кезекте қару-жарақ пен оқ-дәрінің сақталуына жағдай жасайтынын атап өтті.

"Ең алдымен ұйымдастыру сипатындағы шаралар қолданылады, сондай-ақ, біз қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймаларының, күзет және өрт дабылы жүйесінің жағдайын жақсартуға, қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталатын жерлерде өртке және арандатушылыққа қарсы жағдайлар жасауға қосымша бюджет қаржысын бөлетін боламыз", - деді комитет төрағасы.