ҚР қорғаныс министрлігінің басшылығы ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мәлік Сапаровтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, генерал-лейтенант М.Сапаров 19-маусымға қараған түні жүрегі тоқтау салдарынан қайтыс болды.

Мәлік Сапаров 1958-жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматыдағы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.Фрунзе атындағы Әскери академияны және Ресей Қарулы күштері бас штабының Әскери академиясын бітірген.
1998-жылы ҚР Қарулы күштері жалпы мақсаттағы жауынгерлік күштерінің штаб бастығы әрі қолбасшының орынбасары болып тағайындалды. Ал 1999-жылдан бері ҚР Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары, 2001-жылдан бері ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы әрі ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болды.
Қорғаныс министрлігінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, ҚР Қарулы Күштерінің бас штабында қызмет еткен мерзімде М.Сапаров өзін кәсіпқой генерал ретінде көрсете білді, әсіресе оның әскери қолбасшылық дарыны штабты басқарған тұста тіптен кемеліне келді ,- делінген көңіл айту хабарламасында .