ҚР Қорғаныс министрлігінің Медициналық қамтамасыз ету бас басқармасының екі полковнигі сотталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олар ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-тармағында қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Көрсетілген тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қан құю жылжымалы станциясын сатып алу кезінде бюджеттік қаржыны мақсатқа сай қолданбай, осы әрекеттерімен мемлекетке 193 млн. теңгеден астам сомада зала келтіргендері үшін ҰҚК әскери қарсы барлау департаменті қозғаған болатын.

Сот қорғаныс ведомствосының азаматтық талабын бекітіп, сотталғандардан бірдей тәртіпте мемлекет пайдасына 193,5 млн теңге тәркілеп, оларды "полковник" әскери атағынан айыруды бұйырды.