Министрліктің баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша, кездесу кезінде екі жақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың қажеттілігін атап өтті. Н. Ысқақов пен Ким Иль-су екі елдің табиғат қорғау ведомстовалары арасында қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты келісімді дайындау туралы уағдаласты.
Министр сондай-ақ, Кореяның халықаралық конференцияларды үздік өткізу тәжірибесін үйренуге мүдделілік танытты.
Бұдан бұрын айтылғанындай, 2010 жылы Қазақстан қоршаған ортаны және Азиялық- Тынық мұхиты аумағын тұрақты дамыту жөнінде министрлердің алтыншы конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.
Елші Ким Иль-су өз кезегінде ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігін баламалы қуат көздерін пайдалану мәселесінде бар күшті біріктіруге шақырды